«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық инновациялық даму басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлық стандарты

СҚО әкiмдiгiнiң индустриялық-
инновациялық даму басқармасы
басшысының м.а. бұйрығымен
бекiтiлген
2017 жылғы «27» қыркүйек
№ 53

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлық стандарты

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлық стандарты (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа iс-қимыл» Заңының 10 бабына сәйкес әзiрлендi және Басқарманың ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз етуде туындайтын қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына бағытталған, ұсынымдар жүйесiн бiлдiредi.

2. Стандарт Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң (бұдан әрi — мемлекеттiк қызметшiлер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты мiнез-құлықты қалыптастыруға, кез-келген сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiк жағдайына қол жеткiзу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн уақытылы анықтау үшiн, олардың терiс салдарын жоюға арналған.

3. Стандарттың қағидалары:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептiлiк;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен қорғау;

5) мүдделер қақтығысына жол бермеу.

4. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкiлеттiктерiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.

5. Мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының (оның iшiнде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттiк қызмет туралы) аясында:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде қамтамасыз етедi:

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу;

азаматтардың құқықтарын iске асыру және заңды мүдделерiн қамтамасыз етуде ең минималды мерзiм;

мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiне сәйкес мемлекеттiк қызметтердi көрсету;

қызмет алушыларға тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де мән-жайларға байланысты қандай да бiр кемсiтусiз тең қолжетiмдiлiк;

жол бермеушiлiк:

азаматтың өтiнiшiн қарау ол мәселенi объективтi шешуге мүдделi емес деген негiз болған тұлғаға жүктелуi жағдайлары;

шағымды берген немесе оның мүддесiне орай жасалған өтiнiш шағымдар тұлғаға зиян тигiзуi;

лауазымды адамдарға өтiнiштi жiберуге, iс-әрекеттерiне өтiнiште шағым берiледi;

азаматтардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия мәлiметтерiн жария ету мүмкiндiгi;

өтiнiшке қатысы жоқ, азаматтың жеке басы туралы деректердi анықтау.

2) өз құзыретi шеңберiнде басқарушылық және өзге де шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде ұсынылады:

құзыретiнiң нақты аражiгiн ажырату және барлық құрылымдық бөлiмшелердiң және лауазымды тұлғалардың келiсiп жұмыс iстеуiн;

лауазымды өкiлеттiгiн орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзуға бағытталған, бұйрықтарды және нұсқауларды шығаруға жол бермеу;

туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша кадрларды iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеу;

меритократия қағидаттарын сақтау;

қабылданатын шешiмдердiң заңдылығына дербес жауапкершiлiк.

3) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу кезiнде ұсынылады:

нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау мен талқылауға жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының мiндеттi түрде қатысуы;

жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуде, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң қатысуы мiндеттi болып табылады;

нормативтiк құқықтық актiлердiң әзiрленген жобалары мүдделi мемлекеттiк органдарға акелiсуге жолданғанға дейiн, талқылау үшiн ашық нормативтiк құқықтық актiлер интернет-порталда жариялау.

жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары сараптамалық кеңестiң отырысында қарауға дейiн бұқаралық ақпарат құралдарында, оның iшiнде интернет-ресурстарда мiндеттi түрде жариялануға (таратуға) жатады;

Сыбайлас жемқорлық фактiлерi немесе олардың белгiлерiн қамтитын нормативтiк құқықтық актiлерде, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшiн баламалы санкцияларды нормаларды пайдаланбау.

4) өмiрлiк қызметтiң нақты саласына байланысты, басқа да әлеуметтiк маңызды қатынастарда ұсынылады:

мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген қоғамның сенiмiн сақтайды және нығайтады;

жалпыға бiрдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды нығайтады және сақтайды ;

мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдауды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының беделiн түсiруге қабiлеттi және мемлекеттiк қызметтiң мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, оның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, заңнамада белгiленген мемлекеттiк қызметшiлер үшiн тыйымдар мен шектеулердiң қатаң сақталуын қамтамасыз етедi;

лауазымдық өкiлеттiгiн және соған негiзделген олардың беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануы мүмкiн iс-әрекет жасауға жол бермейдi;

басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы дереу жеткiзедi;

қажет болған жағдайда тiкелей немесе тiкелей басшысының назарына мүдделер қақтығысының туындағаны туралы, қызметтiк мiндеттердi атқару кезiнде жеке қызығушылық және сыбайлас жемқорлық мiнез-құлыққа және сыйлықтар алуға көндiргенi туралы жеткiзедi;

белгiленген өзара қарым-қатынас тәртiбiн бұзатын, олардың әдiл қызметтiк шешiмiне әсер етуi мүмкiн әрiптестерiне және басшыларына заңсыз өтiнiштерден тартыну;

қызметтiк өкiлеттiктерiн орындауына байланысты сыйлықтар сыйламайды және қабылдамайды;

қызметтiк және өзге де таратуға болмайтын ақпаратты мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен артықшылықтарды алу немесе өндiру мақсатында пайдаланбайды;

жақын туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, ағалары, әпкелерi, балалары) тұрған тұлғалардың тiкелей бағынуға және бақылауына байланысты болған лауазымға тағайындалуынан бас тартады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуда белсендiлiк танытады;

тiкелей басшысына атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданғаны туралы дереу жазбаша түрде хабарлайды;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттiн сақталуын қолдайды;

ықтимал мүдделер қарама-қайшылығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және олардың салдарларының себептерi мен шарттарын жою бойынша тұрақты негiзде шаралар қабылдайды;

қызметтiк тәртiптi және қызметтiк этиканы сақтайды;

басшылығына қатысты жеке басына берiлгендiк көрiнiстерiне жол бермейдi, олардың лауазымды мүмкiндiктерi есебiнен пайда мен артықшылыққа ие болуға ұмтылыс;

өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн азаматтық-құқықтық, тәртiптiк, әкiмшiлiк, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.

6. Басшы:

өзiнiң мiнез-құлқымен тұлға ар-намысы мен қадiр-қасиетiне турашылдық, әдiлдiк, риясыздық, құрметпен қараудың үлгiсi;

басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүргiзедi және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығына дербес жауапты болады;

қарамағындағылардан олардың лауазымдық өкiлеттiктерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмаларды орындауды талап етпейдi;

бағынышты қызметкердiң өз қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу үшiн дер кезiнде түбегейлi шаралар қабылдайды;

ететiн сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды жою, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түбегейлi шараларды қабылдайды;

бағынышты тұлғалармен бiрге құмар ойындарға қатысудан тартынады;

бағынышты қызметкерлерiнiң арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жағдайына дербес жауапты болады және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауына жол бермейдi.

Мақаланың шыққан күні: 30.05.2018 10:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2018 10:40

Басқарма басшысы
Арман Сарбайұлы Оразғұлов

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

https://t.me/pressmfakz
(MFA Qazaqstan) — МИД РК

АҚ ҰК «Kazakh Invest»

https://t.me/PressKazakhInvest
(Kazakh Invest National Company JSC) — АО «НК «KAZAKH INVEST»

Кроссплатформенный мессенджер Telegram

Подать резюме

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»KIDIКазгеологияҚазақстан Даму банкіҚазАгроҚаржы«NADLoС»Самұрық-ҚазынаҚазына Капитал Менеджмент«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған ПорталҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы ДАМУ Ақпараттық-талдамалық портал

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық инновациялық даму басқармасы» КММ

A- A A+