«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық инновациялық даму басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Инновация

1) 2017 жыл қорытындысы бойынша инновациялық белсендi кәсiпорындардың үлесi 11,2% (1023 кәсiпорындар зерттелген, 115 инновациялар бар).

2) 2017 жыл қортындысы бойынша облыстың ЖӨӨ жалпы көлемiндегi инновациялық өнiмнiң үлесi — 1,6% (алдын ала деректер)

3) 2017 жылы өндiрiлген инновациялық өнiм көлемi — 13804,9 млн. теңге

4) инновациялық инфрақұрылым (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, коворкинг-орталықтары, құзыреттiлiк орталықтары, ЖОО, ҒЗИ және басқалар)

Облыстың Инновациялық инфрақұрылымына кiредi:

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi (СҚМУ), 2017 жылғы ақпан айында оның базасында ғалымдардың ғылыми жобаларын коммерцияландыру кеңсесi құрылды;

«Петропавл қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi» филиалы;

Ж. Кизатов атындағы Есiл ауылшаруашылық колледжi;

«Мұнайгаз жабдықтың конструкторлық бюросы» ЖШС, оның қызмет бағыты конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу; жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдерге сынақ жүргiзу; облыстың машина жасау кәсiпорындарында 3D сканерлеу енгiзумен қызметтердi ұсыну болып табылады;

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ зауыттардың конструкторлық бюросы;

«Солтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы» ЖШС;

«Мал шаруашылығы және өсiмдiк шаруашылығы Солтүстiк Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.

5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң инновациялар бөлiнiсiнде мемлекеттiк қолдау шаралары

2017 жылы ҒЗТКЖ-ға арналған iшкi шығындарды қаржыландыру көздерiнiң құрамында 51,3%-ы республикалық бюджет қаражаттары.

«Бизнестiң жол картасы-2020» Бiрыңғай бағдарламасы аясында Инновациялық гранттарға 2017 жылы 45 жоба берiлген болатын, 16 млн. теңгеге 6 жоба мақұлданды:

«Шмалько ЕО» ЖК (Есiл ауданы) «Асыл тұқымды шиншилл мал өсiру үшiн асыл тұқымды фермалар құру» жобасы бойынша;

«О.П. Султанов» ЖК (Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы) «Вешенка» саңырауқұлақтар өсiру» жобасы бойынша;

«Асем» ЖК (Шал ақын ауданы) «Инновациялық жемшөп қоспаларын шығаратын шағын цехын ұйымдастыру» жобасы бойынша;

«Саяжан» ЖК (Ақжар ауданы) «Балалар мерекесiн, балалар кафесi қызметтерiн, қуыршақ театрларының қызметiн ұйымдастыру» жобасы бойынша;

«Добрая компаниясы» ЖШС (Қызылжар ауданы) «Балық шаруашылығы кешенi» жобасы бойынша;

«Кутняк Андрей Иванович» ЖК «Өсiмдiктердiң барлық түрлерi үшiн әмбебап жер топырақтарын, қоспаларды жақсарту, тыңайтқыш сығындысын өндiру» жобасы бойынша.

6) мемлекет — ЖОО мен ҒЗИ — ҒЗТКЖ өндiрiстiң өзара iс-қимылымен 2016 жылы 135 адам айналысты, оның iшiнде зерттеушi-мамандары 81 адам болып табылады. ҒЗТКЖ-ды орындаған, ғылым докторлары саны 5 адамды құрады, ғылым кандидаты — 31 адам, магистр — 26 адам.

СҚМУ КБ НГО тығыз байланыста жұмыс iстейдi, 2010 жылы конструкторлық құжаттаманың 300-ден астам жиынтығы әзiрленiп, өнiмге ондаған стандарттар, ол кәсiпорындар үшiн жаңа инновациялық өнiм түрлерiн игерудi айтарлықтай жылдамдатады.

СҚМУ базасында жас ғалымдар Кеңесi жұмыс iстейдi.

СҚМУ-мен студенттердiң өндiрiстiк практикадан өтуi туралы облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен келiсiм-шарттар жасалды.

7) өңiрде инновациялық қызметтiң төмендеуiнiң негiзгi себептерi

  1. 2017 жылы 1023 облыс кәсiпорындары тексерiлдi, оның iшiнде 429 немесе 48% — ы инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қаржы құралдарының жетiспеушiлiгiн сезiндi.
  2. Даму институттарына кредит беру өтiнiмдерiн 9зақ қарау («ТДҰА» ҚИДИ, ҚДБ)
  3. Жеңiлдiктi кредит беру бағдарламаларынан квазимемлекеттiк сектор кәсiпорындарды алып тастау, ресейлiк және қытайлық өндiрушiлермен салыстырғанда шығарылатын өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмендетедi.

8) 7-тармағына ұсынылып отырған шешу жолдары

«Бәйтерек»ҰБХ» АҚ қор желiсi бойынша кәсiпорындарды жаңғыртуды лизингтiк қаржыландыру жөнiндегi және айналым қаражатын толықтыру үшiн жеңiлдiктi бағдарламаларға кредит беруге қатысуға шектеулердi жою;

Өтiнiмдердi мен жобаларды қарау және Ұлттық компаниялармен, жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiмдер жүргiзу рәсiмiн жеделдету.

9) жобаларды коммерцияландырудың табысты мысалдары

2015 жылы «Сапро-НАТ» ЖШС 75 млн. теңге сомасында автономды жылумен жабдықтау (ИСАО) инновациялық технологияларды енгiзуге ҚР БҒМ технологияларды коммерцияландыру Орталығының инновациялық гранты алынды. Автоматты түрде басқарылатын ұзақ жану қазандармен қатты отын жанармайымен су жылытқыш ИСАО технологияларын құру игерiлген, олар 1,3-1,6 есе отын және пайдалану шығыстарын үнемдеудi қамтамасыз етедi. 2017-2019 жылдары қаражатын жылу энергиясын сату арқылы қайтарылуымен облыстың 200-ден астам бюджеттiк объектiлерiнде қазандар орнату жоспарланып отыр. 2017 жылы 5 аудандарда 55 қазандық орнатылды, бюджет қаражатын үнемдеу 1 қазандықтан орташа есеппен шамамен 1 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың маусым айында СҚМУ коммерцияландыру Офисiмен 6 жоба бойынша «Ғылым Қоры» АҚ арқылы өтiнiмдер берiлдi:

  1. «Қазақстан фермаларының жағдайында экспортқа бағдарланған экологиялық таза мал шаруашылығы өнiмiн өндiру технологияларды коммерцияландыру»;
  2. «Органикалық тыңайтқыштар және басқа экологиялық таза өнiм өндiру үшiн Экодеревня;
  3. Таяу және алыс ғарышты объектiлерiне мониторингiнiң инновациялық технологиялар негiзiнде астрофизикалық ғылыми кешенiн коммерцияландыру;
  4. «Солтүстiк Қазақстанда орман шаруашылығы және орманды қайта өңдеу коммерциялық және экологиялық кластерiн ұйымдастыру»;
  5. Солтүстiк Қазақстан ескерткiштердi мұражайландыру негiзiнде археологиялық нысандарды коммерцияландыру;
  6. Бұйымдарды, машиналар мен жабдықтар, ауыл шаруашылығы, энергетика және машина жасау салаларын лазерлi-плазмалы технологияларын қалпына келтiру және жөндеудi коммерциялау.

Байқау қорытындысы бойынша «Солтүстiк Қазақстанда орман шаруашылығы және орманды қайта өңдеу коммерциялық және экологиялық кластерiн ұйымдастыру» жобасы жеңдi, жобаның сомасы 309 млн. тг.

2016 жылы «Шампиньондарды өсiру және өңдеу бойынша зауытының құрылысы» жобасы бойынша «Грибной мир» ЖШС, «ТДҰА» АҚ инновациялық грант алды. 2017 жылы «Единство» ЖШС және «Петропавл трактор зауыты» ЖШС технологиялық дамуына өтiнiш бердi (өтiнiм техникалық сараптама сатысында).

2017 жылы «ҚИДИ» АҚ 6 кәсiпорындар өтiнiм бердi (Киров Зауыты, ПАМЗ, Мұнаймаш, Богатырский продукт «Север» Жаңа-Есiл Феникс, Швейная фабрика «Прогресс»), оның iшiнде, бүгiнгi күнi Жаңа-Есiл Феникс (технологиялық процестердi жетiлдiру) және Швейная фабрика «Прогресс» (өндiрiстi ұйымдастыру тиiмдiлiгiн арттыруға) шығындары өтелдi.

Мақаланың шыққан күні: 30.05.2018 11:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.06.2018 12:50

Басқарма басшысы
Арман Сарбайұлы Оразғұлов

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

https://t.me/pressmfakz
(MFA Qazaqstan) — МИД РК

АҚ ҰК «Kazakh Invest»

https://t.me/PressKazakhInvest
(Kazakh Invest National Company JSC) — АО «НК «KAZAKH INVEST»

Кроссплатформенный мессенджер Telegram

Подать резюме

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»KIDIКазгеологияҚазақстан Даму банкіҚазАгроҚаржы«NADLoС»Самұрық-ҚазынаҚазына Капитал Менеджмент«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған ПорталҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы ДАМУ Ақпараттық-талдамалық портал

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық инновациялық даму басқармасы» КММ

A- A A+