«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық инновациялық даму басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Миссиясы, негізгі міндеттері, басқарманың функциялары

«Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже Zip (20 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

«Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында индустриялық-инновациялық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

«Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

«Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

«Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы:

Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық дамуы саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру.

Мiндеттерi:

облыс аумағында индустрия және индустриялық-инновациялық қызмет, машина жасау, тау-кен, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс материалдары өндiрiсi, жер қойнауын пайдалану саласында кең таралған пайдалы қазбалар бөлiгiнде мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;

өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн басым салаларын дамыту;

отандық кәсiпорындардың техникалық, технологиялық және басқару деңгейлерiн жаңғыртуға жәрдемдесу;

отандық және шетелдiк инвестицияларды экономиканың басым салаларына тартуға жәрдемдесу, соның iшiнде экспортқа бағдарланған шикiзаттық емес және жоғары технологиялық өндiрiстерге;

өңiрлiк тиiмдi инновациялық жүйенi құруға және инновациялық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;

жергiлiктi тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң экспортын дамытуға және iлгерiлетуге жәрдемдесу;

менеджмент жүйесiн енгiзуге және технологиялық қайта жарақтандыруға жәрдемдесу.

Функциялары:

өңiрде индустриялық-инновациялық даму және инвестициялық климатты жақсарту мәселелерi жөнiндегi шараларды пысықтау және iске асыру;

басқарма жетекшiлiк ететiн облыстың экономикалық қызмет салаларының даму тұжырымдамаларын және тәсiлдемелерiн әзiрлеуге қатысу;

тиiстi мемлекеттiк органдарға өз құзыретiнiң мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге ережелер, өзгерiстер мен толықтыруларды қосу туралы ұсыныстар енгiзу;

өнеркәсiптi дамыту бөлiгiнде республикалық және жергiлiктi деңгейдегi стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге қатысу.

облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының салалық бөлiмiн әзiрлеу;

Солтүстiк Қазақстан облысы аумағын дамыту Бағдарламасының салалық бөлiмдерiн әзiрлеу және жүзеге асыру, олар бойынша есептер дайындау;

орталық мемлекеттiк органдар, даму институттары, облыстық және аумақтық ұйымдар, аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдiктерiмен индустриялық-инновациялық даму мәселелерi және өңiрдегi инвестициялық потенциал бойынша өзара iс-қимыл жасау;

инвестицияларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөнiнде Өңiрдiң инвесторлар кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру;

өңiрге инвестицияларды тарту жөнiнде iс-шараларды өткiзу;

облыстың инвестициялық жобаларын құру, алға жылжыту, мониторингтеу, сонымен қатар сыртқы қатысумен;

бағдарламалық құжаттарды немесе олардың салалық бөлiмдерiн iске асыруды үйлестiру және мониторинг жасау, солар бойынша есептер дайындау;

облыста индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруды үйлестiру, есептер дайындау;

Үдемелi индустриялық даму жөнiнде Өңiрдiң үйлестiру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру;

мүдделi тұлғалардың қатысуымен, өңiр кәсiпкерлiгiн қолдау картасын әзiрлеу және бекiту;

мүдделi тұлғалардың қатысуымен индустрияландыру картасына енгiзу үшiн индустриялық-инновациялық жобаларды қарастыру және ұсыну;

индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерiне, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерiне әдiстемелiк, консультативтiк, практикалық және өзге де көмек көрсету:

мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

облыстың жүйе құрайтын кәсiпорындарының сатып алуында жергiлiктi қамту жөнiндегi ақпаратты жинау, талдау және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға ұсынуды жүзеге асыру;

индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыру туралы ақпарат ұсыну;

облыс аумағында индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың iске асырылуын үйлестiрудi қамтамасыз ету;

облыс басшылығына ақпарат дайындаумен өнеркәсiп салаларының дамуына мониторинг және талдау жүргiзу;

менеджмент жүйесiн енгiзген облыс кәсiпорындарына мониторинг жасау;

тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу мақсатында тоқсан сайын құзыреттi органға ұсынылатын өндiрушiлер және олар өндiретiн тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң тiзiлiмiн қалыптастыруды жүзеге асыру;

кең таралған пайдалы қазбаларға барлауға, өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргiзуге немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргiзуге немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурстарды ұйымдастыру және өткiзу;

құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы қаулының жобаларын дайындау;

кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну жөнiндегi конкурстық комиссия құрамын бекiту туралы қаулының жобаларын дайындау;

жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және тоқтатып қою жөнiнде комиссияны бекiту туралы қаулының жобаларын дайындау;

жер қойнауын пайдаланушымен келiсiмшарттардың талаптары туралы келiссөздер жүргiзу және жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын жүргiзу;

жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды жасау, тiркеу және сақтау;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге салу жөнiндегi мәмiлелердi тiркеу;

жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;

келiсiмшарт жасасу кезiнде өңiр халқының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiнiң сақталумен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздерге қатысу;

жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және тоқтатып қою жөнiнде комиссияның жұмысына қатысу;

кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;

кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешiмдер қабылдау;

кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердiң орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмiн қалыптастыру мен жүргiзу мақсатында құзыреттi органға тоқсан сайын ұсынылатын облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастыруды жүзеге асыру;

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету регламентi;

«Болашақ құрылыс учаскелерi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету регламент;

«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету регламентi;

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге келiсiмшарттар жасасу, оларды тiркеу және сақтау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету регламентi;

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, барлаумен және өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн берiлген жер қойнауының учаскелерiне арналған сервитуттарды тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету регламентi;

«Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және сақтау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету регламентi;

басқарманың интернет-ресурстарының ақпараттық толықтырылуын және үнемi жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;

бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi функциясын жүзеге асыру.

Құқықтары:

басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiпте облыстың атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар, мекемелер және кәсiпорындардан қажеттi құжаттар, қорытындылар, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;

басқарма құзыретiне енгiзiлген мәселелер жөнiнде түсiнiктеме беру;

Мiндеттерi:

белгiленген тәртiпте жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, шағымдарын, ұсыныстарын қарау;

басқарманың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келетiн, қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

басқармаға жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау.

«Солтүстiк Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мақаланың шыққан күні: 30.05.2018 11:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2018 11:44

Басқарма басшысы
Арман Сарбайұлы Оразғұлов

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

https://t.me/pressmfakz
(MFA Qazaqstan) — МИД РК

АҚ ҰК «Kazakh Invest»

https://t.me/PressKazakhInvest
(Kazakh Invest National Company JSC) — АО «НК «KAZAKH INVEST»

Кроссплатформенный мессенджер Telegram

Подать резюме

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»KIDIКазгеологияҚазақстан Даму банкіҚазАгроҚаржы«NADLoС»Самұрық-ҚазынаҚазына Капитал Менеджмент«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған ПорталҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы ДАМУ Ақпараттық-талдамалық портал

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық инновациялық даму басқармасы» КММ

A- A A+