«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық инновациялық даму басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҚР Президенті Жолдауын іске асыру

Индустриялық-инновациялық қызметтi қолдау және қолайлы инвестициялық ахуалды құру жөнiндегi Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың жүргiзiлiп жатқан саясатының арқасында Солтүстiк Қазақстан облысында «солтүстiк» аймаққа инвестицияның құйылуын ұлғайту үшiн оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшiн бiрте-бiрте жұмыс жүргiзiлуде.

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында, соның iшiнде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын практикалық iске асыруда, инвестицияларды тарту бойынша оң қарқынның сақталуын қамтамасыз еттi.

2016 жылы Iс-шаралар кешенi 101,9% өсiммен 165 млрд. теңгеден астам инвестицияны тартуға мүмкiндiк бердi.

Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi Аймақтық кеңестiң 2 отырысы өткiзiлдi.

33 дипломатиялық миссия басшыларының ресми қабылдауы ұйымдастырылды.

Қабылдау шеңберiнде басталған диалогты дамыта отырып, 2016 жылы облысқа ресми сапармен Ресей, Қытай, Германия және т.б. делегациялары барды.

Шетелдiк және отандық инвестицияларды тарту бойынша тиiмдi iс-шаралардың бiрi 2016 жылғы 5-қазан күнi өткiзiлген, «Kyzylzhar Invest 2016» 2-шi Халықаралық инвестициялық форум болып табылады, оның аясында Швеция Ауыл шаруашылығы Министрi Свен-Эрик Букттiң қатысуымен Қазақстан-Швеция бизнес форумы өткiзiлдi.

Форумның жұмысына 7 елдiң өкiлдерi қатысты (Швеция, ҚХР, РФ, Италия, Индонезия, Финляндия, Польша), жалпы 200 млрд.теңге сомасына 22 меморандум мен келiсiмге қол қойылды. Атқарылып жатқан жұмыстың нақты нәтижесi өткен жылдың соңында көрiндi.

ҚР ИДМ инвестицияларды тартуда мақсаттарды айқындау бойынша бастамасын қолдай отырып, бiз 2020 жылға дейiн ұзақ мерзiмдi Инвестициялық стратегияны әзiрледiк.

Қазiргi және әлеуеттi инвесторлармен өзара iс-қимыл жасау үшiн тестiлiк режимде Солтүстiк Қазақстан облысының инвестициялық порталы әзiрлендi және жұмыс iстейдi. Ресурс инвесторлармен диалог жасаудың сенiмдi және ыңғайлы алаңы болады.

Өңiрде өз қызметiн жүзеге асыратын инвесторлар, тұтас жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесiн қолдана алады, отандық және шетелдiк инвестицияларды қолдау және қорғаудың нақты жүйесiне сенiм арта алады.

Меншiктi агроөнеркәсiптiк ресурстар — областы ауыл шаруашылығы машина жасауына және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеуге инвестиция салу үшiн ең тартымды қылады.

2015 жылы финдiк технология бойынша «Sampo Asia» маркалы комбайндардың өндiрiсi iске қосылды. жергiлiктi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң және жақын көршiлес аймақтарда «Sampo Asia SR 3085» астық жинайтын комбайны аса танымал.

Модель John Deere америкалық комбайнның параметрлерiнен кем түспейдi, бiрақ финдiк технологиялардың арқасында, жөндеуге және одан әрi пайдалануға аз шығын және салымдарды қажет етедi.

2016 жылғы 1 шiлдеде Жалпыұлттық телекөпiр барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Петропавл трактор зауытын» iске қосты. Зауыт «К-704-4Р «Батыр» қазақстандық брендпен жылына 100 бiрлiкке дейiн трактор шығаруға қабiлеттi, бұл елiмiздiң 1/3 нарығының қажеттiлiктерiн жабуға мүмкiндiк бередi. Техникалық сипаттамалары бойынша бiздiң тракторымыздың моделi бiр кластағы шетелдiк өнiмдерден кем түспейдi, бұл ретте оның құны олардан 3 есеге төмен.

АӨК дамыту саласындағы қол қойылған меморандум аясында облыс әкiмдiгi және «Айцзю» қытай компаниясының арасында «Агроөнеркәсiптiк паркi» бiрлескен жобаны жүзеге асыруда, бұл бiзге өңiрдiң агроқұрылымдарымен өндiрiлетiн, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн толық өңдеуге мүмкiндiк беретiн.

Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасымызға Жалпыұлттық телекөпiр барысында Тайынша ауданындағы майлы дақылдарды өңдеу зауытын iске қосудың 1-шi кезеңi таныстырылды. Зауыттың өндiрiстiк үрдiсi жоғары технологиялық еуропалық жабдықтар арқылы жүзеге асырылады. Өнiм «Айцзю» корпорациясының сауда-бөлшек желiсi арқылы сатылуы үшiн толығымен Қытайға экспортталады.

Инвесторларға және инвестициялық жобаларға қолдау көрсету тетiгiнiң тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ «бiр терезе» шеңберiнде жұмыс жасау мақсатында, Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi. Ортақ күштi жұмылдыра отырып, инвестициялық преференциялар бойынша үлестiрме материал құрылды, өңiрдiң инвестициялық әлеуетi туралы кiтапша әзiрлендi.

Сонымен қатар, инвесторларға арналған «бiр терезе» форматындағы жұмыс Петропавл қаласындағы «Азаматтарға Үкiмет» МК» НАО филиалы маңындағы Инвесторларға қызмет көрсету Секторында жүргiзiледi, оның негiзгi мiндетi — кеңес беру және мемлекеттiк қызметтердi пайдалануда көмек көрсету болып табылады. Сектордың құрылған сәтiнен бастап, жеке және заңды тұлғалардың 74 өтiнiмi бойынша шамамен 40 қызмет көрсетiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 30.05.2018 11:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2018 11:48

Басқарма басшысы
Арман Сарбайұлы Оразғұлов

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

https://t.me/pressmfakz
(MFA Qazaqstan) — МИД РК

АҚ ҰК «Kazakh Invest»

https://t.me/PressKazakhInvest
(Kazakh Invest National Company JSC) — АО «НК «KAZAKH INVEST»

Кроссплатформенный мессенджер Telegram

Подать резюме

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»KIDIКазгеологияҚазақстан Даму банкіҚазАгроҚаржы«NADLoС»Самұрық-ҚазынаҚазына Капитал Менеджмент«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған ПорталҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы ДАМУ Ақпараттық-талдамалық портал

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық инновациялық даму басқармасы» КММ

A- A A+